Индиан-Уэллс турнирі: Анна Данилина финалға шығу үшін таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 жартылай финалына шықты.
Жарыстың 5-ракеткалары А.Данилина — сербиялық Александра Крунич ширек финалда ресейлік Мирра Андреева — канадалық Виктория Мбокомен шеберлік байқасты.
А.Данилина мен А.Крунич тәжірибелі теннисшілер болса, М.Андрева 18, В.Мбоко 19 жаста еді.
Бірінші партиияда қазақстандық-сербиялық жұп тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:5).
Екінші сетте 6:2 есебі тіркелді.
Бір сағат 24 минутқа созылған матчта Данилина — Крунич 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Мбоко — Андреева 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина — Александра Крунич финалға шығу үшін доданың 7-ракеткалары, испаниялық Кристина Букша — америкалық Николь Меликар-Мартинеспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакинаның төртінші айналымға жолдама алғанын жазған болатынбыз.