Индонезияда 1000-нан астам бала мектептегі астан уланып қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл аптада Индонезияның Батыс Ява аймағында 1000-нан астам бала мектептегі тегін асханадағы астан жаппай уланып қалды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Жаппай улану Батыс Ява провинциясының төрт ауданында тіркелген, деп бейсенбі күні провинция губернаторы Деди Мульяди мәлімдеген.
Соңғы оқиға өткен аптада Батыс Ява және Орталық Сулавеси провинцияларында мектеп асханасынан тамақ ішкен 800 оқушының улануынан кейін қайталанып отыр. Бұл асханалар Президент Прабово Субианто бекіткен тегін тамақтандыру бағдарламасы аясында қамтамасыз етілген.
Бағдарлама тез белең алып, 20 миллионнан астам адамды қамтығандықтан, стандарт пен бақылаудың жеткіліктілігіне қатысты мәселе туындап отыр. Жыл соңына дейін 83 миллион адамды қамту жөнінде амбициялы мақсат қойылған.
Бағдарламаның бюджеті келесі жылы екі есеге өсіп, 10,2 миллиард доллар болмақ.
Network for Education Watch талдау орталығының деректеріне сүйенсек, осы аптадағы оқиғаларға дейін қаңтардан бері ел бойынша кемінде 6452 бала бағдарламаның аясында тағамнан уланған.
Айта кетелік Өскемен дәмханасындағы жаппай улануға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған еді.