Индонезияда 5,9 магнитудалы жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Оңтүстік Суматра ауданында 5,9 магнитудалы жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Индонезияда 5,9 магнитудалы жер сілкінді

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала 172 шақырым тереңде болған.

Әзірге қирау және запа шеккендерге қатысты мәлімет таралған жоқ.