Индонезияда әйелдерді 500 млн рупияға Қытайға сатпақ болғандар ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияда Қытай азаматтарымен некеге тұруды сылтауратып әйелдер саудасын ұйымдастырды деген күдікпен үш адам ұсталды, полиция үш әйелдің тағдырын құтқарып қалды. Бұл туралы ANTARA басылымы жазды.
Тергеушілердің айтуынша, қылмыскерлер жас қыздарға жалған құжаттар жасап, олардың жасын Қытайда некеге тұруға рұқсат етілетін 22 жас етіп көрсеткен.
Жәбірленушілер шетелге жіберілмес бұрын бейресми неке қию рәсімдері ұйымдастырылған.
Тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық желі әр әйел үшін 400-ден 500 миллион Индонезия рупиясы көлемінде ақша алған.
Бұл схема Джакарта әуежайындағы иммиграциялық тексеру кезінде анықталды. Тергеу барысында полиция «болашақ жар» іздеуге каталог ретінде қолданылған әйелдердің фотосуреттерін де тапты.
Ұсталғандарға қарсы адам саудасына қарсы заңнама бойынша іс қозғалды.
Бұған дейін Индонезияда мемлекет басшысының әңгімесін заңсыз тыңдаған шенділер қолға түскенін хабарлаған едік.