Индонезияда паром апатынан 15 адам мерт болып, 19 адам із-түзсіз жоғалды

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Индонезияның оңтүстік-шығысындағы Сулавеси провинциясының жағалауында болған паром апатынан 15 адам қаза тауып, тағы 19 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Ұлттық іздеу-құтқару агенттігінің басшысы Юсуф Латиф мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
Photo: bublikhaus/Freepik

Оның айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған. Кеме бортында 40 адам болды. Қаза тапқандардың денесі отбасыларына берілді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар