Индонезияда жанартау атқылауына байланысты әуе компаниялары Балиге рейстерді тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Бали маңында жанартау атқылауы салдарынан қауіпті күл бұлтының пайда болуына байланысты австралиялық үш әуе компаниясы Балиге ұшуды тоқтатты, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

вулкан
Фото: freepik.com

Сейсенбі және сәрсенбі күндері Jetstar, Qantas и Virgin Australia рейстері тоқтатылып, жолаушылар тығырыққа тірелді.

Жексенбі күні Левотоби Лаки-лаки жанартауы атқылап, биіктігі 9 км биіктікке ұшқан күл ұшқынынан кейін төтенше жағдай енгізілді. 

Балиге 500 шақырым жерде орналасқан Шығыс Нуса Тенггара провинциясында болған оқиға салдарынан тоғыз адам көз жұмып, кратердің маңындағы 15 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

Метеорология бюросының өкілі Левотоби жанартауының атқылауы әлі екі аптаға созылуы мүмкін екенін айтты. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, шығыстан ескен желмен бірге жанартау күлінің ұшқындары Денпасар әуежайы мен әуежайдың оңтүстігіндегі әуе кеңістігіне жеткен. Сәрсенбіде Бали мен Австралияның солтүстігінің кейбір бөліктеріне де жетуі мүмкін деп болжанған.

Жанартау күлі Бали мен оның айналасындағы теңіз орталарының, соның ішінде Австралияның солтүстік әуе кеңістігінің бөліктерінің үстінен оңтүстікке қарай жылжиды деп күтіледі. 

8 қараша күні Левотоби жанартауы қайта атқылап жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар