Индонезияда жанартау атқылап, 10 турист зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан кемінде он турист зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Индонезияда жанартау атқылап, 10 турист зардап шекті

Аумақта жанартау атқылауы жергілікті уақытпен сағат 12.00-де Орталық Ява провинциясында болды. Жанартау ұшқыны шамамен 50 метр биіктікке жетті.

«Бүгін жанартау атқылауы кезінде туристер Seleri кратерінен небәрі 15 метр қашықтықта болды», - деп мәлім етті Кашбани (Kasbani) жанартаутану ұлттық агенттігінің басшысы.