Индонезияда жер сілкініп, бір адам мерт болды

ДЖАКАРТА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Индонезияның Ява аралының жағасында 6,4 балдық зілзала болды.

Индонезияда жер сілкініп, бір адам мерт болды
Анадолы агенттігі

Индонезия табиғат апаттарының салдарын жою ұлттық кеңесінің хабарлауынша, жер сілкінісінің салдарынан 10 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Орталық Ява провинциясы мен Джокьякарта ауданындағы жүздеген үй, кеңсе, медицина және білім беру мекемелеріне залал келтірген. Бір адам жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Индонезияның геофизика агенттігінің мәліметі бойынша, дүмпу ошағы 25 шақырым тереңде болған. Зілзала Джокьярта ауданындағы бірнеше қалада, сондай-ақ Индонезияның халық ең тығыз орналасқан аралы – шығыс және орталық Явада сезілген.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.