Индонезиядағы су тасқынынан қаза тапқандар 63-ке жетті

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Индонезияның шығысында орналасқан Папуа провинциясында болған су тасқынынан 63 адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезиядағы су тасқынынан қаза тапқандар 63-ке жетті

«Құтқарушылар судан 63 адамның денесін алып шықты. Папуа провинциясында сенбі күні түнде болған тасқын салдарынан жоғалған жүздеген адам әлі де іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады жергілікті құтқару қызметінің өкілі.