Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогында қола жүлдеге таласады

индорхоккей
Фото: Asian Hockey Federation

АСТАНА. KAZINFORM — Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия кубогында қола жүлдеге таласады.

Қазақстандық хоккейшілер плей-офф сатысындағы екінші ойында Таиландтан 9:2 есебімен басым түсті.

Ал бұдан бұрын Иранға 3:5 есебімен жол берген еді.  

Нәтижесінде олар 3-орын үшін сынға түсетін болды. 

Ал финалда Иран мен Таиланд шеберлік байқасады.

Енді 25 мамырда финал мен 3-орын үшін ойындар болады.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Индонезияны 6:2, Оманды 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Малайзиямен 3:3 есебімен тең ойнады.

индорхоккей
Фото: Asian Hockey Federation

Еліміздің ерлер құрамасы Азия кубогында 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс жүлдегер болса, 2014, 2022 жылдарда қола медальға қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын индорхоккейден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс алды.

Соңғы жаңалықтар