Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогында плей-офф сатысына шықты

Талдықорған
Фото: Asian Hockey Federation\Facebook

АСТАНА. KAZINFORM - Талдықорған қаласында өтіп жатқан индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогы плей-офф сатысына шықты.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Индонезия, Малайзия және Оман құрамаларымен сынға түседі.

Алғашқы кездесуінде ел құрамасы Индонезияны 6:2 есебімен тізе бүктірді. 


Ел құрамасы 22 мамырда алдымен Малайзиямен 3:3 есебімен тең ойнаса, одан кейін Оман құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық хоккейшілер 23 мамырда Иранмен кездессе, 24 мамырда Таиландпен шеберлік байқасады.

Ал 25 мамырда финал мен 3-орын үшін ойындар болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын индорхоккейден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс алды.

Еліміздің ерлер құрамасы Азия кубогында 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс жүлдегер болса, 2014, 2022 жылдарда қола медальға қол созды.

Соңғы жаңалықтар