Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Иранға есе жіберді

Индорхоккей
Фото: Asian Hockey Federation

АСТАНА. KAZINFORM - Талдықорған қаласында өтіп жатқан индорхоккейден Азия кубогы плей-офф сатысында Қазақстан ерлер құрамасы Ираннан жеңіліп қалды.

Қазақстандық хоккейшілер Иранмен щеберлік байқасты. Ойын барысында ел құрамасы қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Енді олар 24 мамырда плей-офф сатысындағы тағы бір кездесуінде Таиландпен ойнайды.

Ал 25 мамырда финал мен 3-орын үшін ойындар болады.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Индонезияны 6:2, Оманды 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Малайзиямен 3:3 есебімен тең ойнады.

Еліміздің ерлер құрамасы Азия кубогында 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс жүлдегер болса, 2014, 2022 жылдарда қола медальға қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын индорхоккейден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс алды.

Соңғы жаңалықтар