Индорхоккейден ҚР ерлер құрамасы Азия кубогында қола медаль алды

Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогында қола алды
Фото: Asian Hockey Federation

АСТАНА. KAZINFORM - Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Талдықорған қаласында өткен Азия кубогында қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық хоккейшілер 3-орын үшін сайыста Таиландты 7:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында Индонезияны 6:2, Оманды 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Малайзиямен 3:3 есебімен тең ойнады.

ҚР Құрамасы
Фото: Asian Hockey Federation

Одан кейін плей-офф сатысында Таиландтан басым (9:2) түссе, Иранға (3:5) жол берген еді

Еліміздің ерлер құрамасы Азия кубогында 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс жүлдегер болса, 2014, 2022 жылдарда қола медальға қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын индорхоккейден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс алды.

Айта кетсек, биыл Азия кубогы финалында Малайзияны (7:1) жеңген Иран чемпион атанды. 

Соңғы жаңалықтар