Индустрия мен бизнестің ең әлсіз жағы кадрларды жоспарлау мен даярлауға қатысты болып отыр - көшпелі отырыс

қпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Индустрия мен бизнестің ең әлсіз жағы кадрларды жоспарлау мен даярлауға қатысты болып отыр.
None
None

Бұл мәселе, әсіресе заң тарапынан реттеуді ерекше қажет етеді. Бұл туралы бүгін елдегі кәсіптік техникалық білім беруге байланысты Астанадағы Политехникалық колледжде өткен көшпелі жиында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Кеңес Одағы тұсында бұл мәселені Мемлекеттік жоспарлау қызметі бақылайтын және ол уақытта нарықтағы еңбек ресурстарының нақты көрсеткіштері белгіленетін. «Ал қазір еңбек нарығындағы өнімнің тепе-теңдігін қамтамасыз ету мәселесі мүлдем ұмытылған. Соның салдарынан экономика салаларының барлық қажеттіліктеріне нақты жауап беру мүмкін емес. Бұл, әсіресе Мемлекеттік үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынғалы бері ерекше өзектілене түсті», деді министр.

Соңғы жаңалықтар