Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов Түркияның «Чалык Холдинг» компаниясының басшысы Ахмет Чалыкпен кездесті

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов Түркияның  «Чалык Холдинг» компаниясының басшысы Ахмет Чалыкпен кездесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бизнесмен еліміздің шикізаттық емес секторындағы жобалармен танысу мақсатында арнайы келіпті. Инвесторлар жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, энергетика және химия салаларындағы жобаларға қызығушылық танытып отыр. Өйткені аталмыш салалар алдағы 5 жылдың көлеміне еліміздің индустрия саласындағы басым бағыттардың біріне айналмақ. Осыған қарай министр Ә.Исекешов шикізаттық емес секторды инвестициялаушыларға айтарлықтай жеңілдіктер жасайтындығын атап көрсетті. «Егер сіздер елімізден өздеріңіздің өндіріс орындарыңызды ашатын болсаңыздар, онда сіздер  тауарларыңызды Кедендік одақ аясында Ресей мен Беларус мемлекеттеріне де жеткізуге мүмкіндік аласыздар. Бұл дегеніңіз 170 миллион тұтынушысы бар нарық. Біз сондай-ақ Ресеймен шектесетін аймақтарда еркін экономикалық аймақ құра аламыз, мысалы Батыс Қазақстан облысында. Онда тоқыма және машинақұрылысы өнеркәсібі орындарын ашуға болады. Біздегі газ бен электр энергиясының Түркиядағыдан 4-5 есе арзан екендігін ескерсек, ойлануға себеп жоқ», деді министр.

 Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік өңірінде «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы бар екендігін атап өткен министр: «Бұл тоқыма өнеркәсібін дамытуға өте қолайлы аймақ. Ал түркиялықтарға келетін болса, біз оларға тек риза боламыз», деді ведомство басшысы.

Өз кезегінде өздерінің Қазақстанда индустрияландырудың  кең ауқымды бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығының куәсі болып отырғандықтарын жеткізген түркиялықтар «мұндай саясат 1980-ші жылдары Түркияда да жүргізілді. Соның нәтижесінде біз өзіміздің өнімімізді 10 есеге арттырып, экспорт көлемін 3 миллиард АҚШ долларына дейін көтердік. Нәтижесінде сыртқа тасымалданатын тауар құны 30 миллиард долларға дейін жетті. Осы саясатты қолға алып отырған Қазақстан да ойлаған мақсатына жетеді деп сенеміз», деді. 

Кездесуде түрік жағы елдегі бірқатар инвестициялық жобалармен жан-жақты танысқан соң тараптар тағы  да кездеспек болып келісті.

Соңғы жаңалықтар