Индустрия және сауда министрі Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысын қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Кеше Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Астанаға ресми сапармен келген Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталесті қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесудің басты тақырыбы Қазақстанның «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу құқығын жеңіп алуға қатысуы болды. Қазақстан Республикасы Сарагоса (Испания) қаласында өткен «ЕХРО-2008» халықаралық көрмесіне ойдағыдай қатысып, онда 104 елдің ішінде еліміз 3-ші орынды жеңіп алғаннан кейін Үкімет мұндай көрмені Қазақстанда да өткізу идеясын ұсынған болатын. Осыған байланысты Индустрия және сауда министрлігіне осындай көрмелерді өткізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және белгіленген тәртіппен Астана қаласында ЕХРО көрмесін өткізуге өтінім беру тапсырылды. Бұған дейін Парижде Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев Бюроның бас хатшысымен келіссөздер жүргізіп үлгірді. Онда Қазақстан бірінші болып ресми түрде «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу жөніндегі конкурстың әзірлігіне кіріскені атап өтілді. Бұл орайда еліміздің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, мемлекетіміз Еуропа мен Азияны жалғап жатыр, екіншіден ЕХРО өткізу идеясына Мемлекет басшысы мен Үкімет қолдау көрсетіп отыр. Халықаралық көрмелер бюросы 1928 жылы құрылған болатын. Ол 1928 жылғы Париж конвенциясы қағидаттарының орындалуына бақылау жасайды және көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін шешеді. Бүгінде 154 ел осы ұйымға мүше. Қазақстан Халықаралық көрме бюросына 1997 жылы мүше болды. Қазірге кезде министрлік 2010 жылғы мамырдың 5-і мен қарашаның 1-і аралығында Шанхайда өтетін «ЕХРО-2010» бүкіләлемдік көрмесіне Қазақстанның қатысуы үшін әзірлік жұмыстарын жүргізуде. «ЕХРО-2012» көрмесі кореялық Ёсу қаласында, ал «ЕХРО-2015» Миланда (Италия) өтеді. Владимир Школьник елдегі ықпалдастық үдерістерінің бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін атап өтті және Президент елімізде «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу идеясын қолдап отыр. Ол Висенте Гонсалес Лоссерталесті Қазақстанның басты жетістіктерімен таныстырды және Астанада 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге көмектесу жөнінде өтініш жасады. Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Қазақстанның «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге лайықты үміткер екенін атап өтті. Алдағы көрменің тақырыбына қатысты Лоссерталес Қазақстанның энергетикалық әлеуетін ескере отырып, оны «Болашақтың энергиясын дамыту. «Энергетиканың жаңа түрлері» тақырыбында өткізуге болатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар