20:37, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Индустрия және сауда министрі Катар мемлекетінің ҚР Елшісімен кездесті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті ешісі Насыр Бен Рашид Аннуаймимен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі және оны дамыту туралы пікір алмасылды. Сондай-ақ, тараптар 2009 жылғы сәуірде Астана қаласында өтетін қазақстан-катар жоғары деңгейдегі комиссиясының үшінші отырысының мәселелерін талқылады. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы ? Катар Мемлекеті іс-қимыл жоспары (Жол картасы) комиссияның бекітуіне ұсынылады.Тараптар, мемлекеттер арасындағы сауда және инвестициялық қатынасты одан әрі тереңдету түсу мен Қазақстан-Катар Іскерлер кеңесінің қызметін жандандыру қажеттігін атап өтті.