Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі еліміздің іскер топтарын қазақстандық қамтуды арттыру бойынша барша әлеуетті пайдалануға шақырды

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық жабдықтаушы форумында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев еліміздің іскер топтарын қазақстандық қамтуды арттыру бойынша барша әлеуетін пайдалануға шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, біздің отандық кәсіпорындар Кедендік одақ аясында өздерінің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс»,-деді вице-министр.

Қазақстанға инвестиция салуға ниетті компаниялар тиісті қолдауға ие болатынын жеткізген ол, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау үшін республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінетінін айтты.

Б. Қамалиев аталған бағдарлама аясында отандық тауар өндірушілер үшін несиелер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қаралғанын ескеріп өтті.

«Бүгінде мемлекеттің қолдауы арқылы отандық тауар өндірушілерде және шетелдік инвесторларда нарықты бәсекеге қабілетті әрі сапалы өніммен жабдықтауға мүмкіндік бар», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар