Индустрияландыру бағдарламасы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 13 салалық бағдарлама әзірленді - А. Рау
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технолгиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, салалық бағдарламаның барлығы Үйлестіруші кеңес аясында құрылған салалық жұмыс топтарында бірнеше мәрте қаралды. Бағдарламалар тиісті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұлттық компаниялармен, салалық қауымдастықтармен және кәсіпорындармен егжей-тегжейлі пысықталған. «Салалақ бағдарламалардың көпшілігі ағымдағы жылғы сәуірдің 26-сы мен 30-ы аралығындағы Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен селекторда қаралды. Оған өңірлер, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар, кәсіпорындар қатысты. Қазіргі таңда салалық бағдарламалар селекторлық кеңесте айтылған ескертулерді, мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдер ұсынған ұсыныстарды ескере отырып пысықталуда», деді А. Рау.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 функционалды бағдарлама әзірлеу қарастырылып отыр. Бұндай бағдарламалар қазір әзірлену сатысында. «Біртұтас үйлестіруші кеңес аясында кәсіпкерлікті дамытумен және оларды ресурспен қамтамасыз етумен байланысты республикалық және жергілікті бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмысты оңтайландыру, сондай-ақ салалық және функционалды бағдарламаларды барынша кең ауқымда талқылау мақсатында оларды Біртұтас үйлестіруші кеңес өкілдерінің қатысуымен Экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қараған жөн деп білеміз», деді А. Рау.
Өз кезегінде Премьер-Министр орынбасары Ә. Исекешевке бұл мәселені созбай, тезірек бітіруді тапсырды.