Индустрияландыру картасы аясында биыл 600 млрд. теңгеге тағы 80 жоба жүзеге асырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында биыл 600 млрд. теңгеге тағы 80 жоба жүзеге асырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Инвестиция және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлім етті.

"Индустрияландыру картасы экономикамыздың дамуына оң серпін беріп, біршама жетістіктерге қол жеткізе алдық. Аздаған түйткілдер кеңес заманынан бері теxнологияларын жаңғыртпаған ескі зауыттарда байқалып отыр. Олармен жұмыс жасайтын боламыз. Биылғы жылдың соңына дейін 600 млрд. теңгеге тағы 80 жоба іске асырылады деп жоспарлануда", - деді А.Ержанов.

Оның сөзіне қарағанда, электр энергиясының арнайы тарифтеріне мұқтаж ірі өнеркәсіп ошақтарының тізімі жасалды.

Соңғы жаңалықтар