ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ: «Тараз» химиялық паркі» АЭА инфрақұрылым құрылысының бірінші кезеңін аяқтайды

Еске салсақ, өңірде химиялық саланы жоғары басымдықпен дамытуға байланысты 2012 жылы 2037 жылға дейінгі мерзімде Қазақстанда тоғызыншы саналатын «Тараз» химиялық паркі» АЭА құру туралы жарлығына ҚР Президенті қол қойды.
Жамбыл өңірінің ауқымды минералдық ресурстары (қазастандық фасфоритті барлық қорының 90 пайызы және кварциттің 65 пайызы), жоғары транзиттік әлеует, химиялық өнеркәсіптің тарихи қалыптасқан құрылымы, білікті мамандары бар.
Бүгінде жамбылдық химиялық кластер «Қазфосфат», «ЕвроХим-Удобрения» және «Тараз» химиялық паркі» АЭА компанияларын біріктіреді, оның бірінші қатысушысы «Біріккен химиялық компания» ЖШС, 2012 жылы «Jurong» (Сингапур) компаниясымен Қазақстанда химиялық технопарктерді басқару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 2014 жылы «QADAM Industries» («Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі») ЖШС және «Қызылорда мұнай газ» («Метанол өндірісі») ЖШС қатысушысы ретінде тіркелді.
Шу ауданында 505 га алаңды алып жатқан АЭА әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бәекелестігі жоғары химиялық өнімді өндіруге мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары инновацияны қолдануға бағытталған. Бұл өсімдіктерді қорғау құралдары, күйдіргіш сода, жемшөп фосфаты, пластикалық құбыр, шыны ыдыс және т.б. өндірісі. АЭА инвестициясын алдын ала бағалау 24,5 млрд теңгені құрайды. Жыл сайын 75 млрд теңгеге өнім шығарылады деп күтілуде.
«Тараз» химиялық паркі» АЭА құрудың бірінші кезеңі аяқталуда. Инфрақұрылым нысандарын жобалау және салуды «КАТЭК» ЖШС, «Kaз Hi Tech Euro Building» ЖШС, «ISS Engineering» ЖШС және «Өркен» ЖШС жобалау-зерттеу компанияларынан консорциум жүзеге асырады.
АЭА қатысушылары үшін 25 жылға салықтан босату түрінде жеңілдіктер көзделген. Мұнда АЭА құру кезінде толықтай тұтынатын тауарларды сату кезінде, ҚР Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша нөлдік ставкамен қосымша құнға салық салынады. Экспорт пен импорт кезінде АЭА қатысушылары кеден баждарынан босатылады.
Бүгінде АЭА аумағында сыртқы инфрақұрылым нысандары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. Негізгі көзі KEGOС» ПС-500 АҚ қосалқы станасасы, сондай-ақ «С» құрылыс тізбегі бойынша Азиялық газ құбырынан газмен жабдықтау болатын сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі 10 пайызға дайын.
100 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік жүре алатын асфальт жамылғысымен кіреберіс жолды шымкенттік «Каз Hi Tech Euro Building» компаниясы төсеуде. Ол 98 пайызға дайын. Ұзындығы 6,4 шақырым кіреберіс темір жолды «ISS Engineering» ЖШС салуда, ол 92 пайызға дайын.
2015 жылдың соңына дейін АЭА аумағында Тасөткел су қоймасынан магистральдық су құбырын тартуды және сорғы стансасын салу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Қазір жалпы ұзындығы 70 шақырым болатын су тарту құбырының 50 шақырымы тартылды. Ұзындығы 7,7 шақырым канализациялық жүйе рұқсат етілген нормаға дейін пайдаланылған техникалық суды тазалауды көздейді.
Ішкі инфрақұрылымда БӨП және әкімшілік корпусы салынуда. Сондай-ақ жүк ресімдеу пункті, гараж, өрт сөндіру депосы және басқа да инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, «Тараз» химиялық паркі» АЭА инфрақұрылымдық нысандарын салу кезекпен іске асырылады. АЭА алғашқы қатысушыларының өміршеңдігін қолдау үшін инфрақұрылымның негізгі нысандары бірінші кезекте салынады. 16 жобаның жобалық қуатына шығу 2023 жылға жоспарланған. АЭА жобасы 2,4 мың жұмыс орнын ашады деп күтілуде. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.