Индустрияландырудың бірінші жылында Оңтүстік Қазақстан облысында 8 ірі кәсіпорын іске қосылды

ШЫМКЕНТ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы бүгін Шымкентте өткізілген Оңтүстік Қазақстан облысының активінде талқыланды.
None
None

Өз сөзінде ОҚО әкімінің орынбасары Әли Бектаев атап өткендей, Мемлекет басшысы 2010 жылғы Жолдауды жүзеге асырумен тығыз байланысты міндеттерді алға қойып отыр. «Жыл ішінде облыста 8 ірі кәсіпорын ашылды, ол 2 мың 71 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бұрынғы фосфор зауытының жер аумағында индустриялды аймақ құрылды. Оның коммуникациялық жүйесін қайта жөндеуден өткізуге 602 млн. теңге жұмсалды. Мұнда қазірдің өзінде бір ірі кәсіпорын жұмыс істеуде, қосымша 16 жобаға қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Ол 1 мың 600 жұмыс орны ашылады деген сөз», - деді Ә.Бектаев.

Соңғы жаңалықтар