Индустрияландырудың болашақ тағдыры елордада емес, өңірлерде анықталады - Үкімет басшысы

аурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Индустрияландырудың болашақ тағдыры елордада емес, өңірлерде анықталады. Бүгін «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бюджетке өзгерістер енгізе отырып, біз өңірлік бюджет пен даму жоспарларына түзетулер енгізу мәселелерін де естен шығармауға тиіспіз. Бұл маңызды шаруа жедел атқарылуы және жалпымемлекеттік даму жоспарымен үйлесуі шарт. Бұндай әкімдермен бірлескен жұмыстарды біз бастап кеттік. Бұндағы партияның міндеті - мәслихаттармен жұмысты жолға қойып, өңірлік бағдарламалардың жылдам әрі сапасына нұқсан келмейтіндей қабылдау қажеттігін түсіндіру қажет. Қандай да бір өңір жалпы құрылыстан қалып қоймауы және даму қозғалысына тежегіш болмауы тиіс», деді К. Мәсімов.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы индустрияландырудың тағдыры елордада емес, өңірлерде, жергілікті жерлерде анықталатынын жеткізді. К. Мәсімовтың айтуынша, алдағы уақытта күтіліп отырған өзгерістердің ауыртпалық күші жергілікті жерлерге ауысатын болады. «Әкімдіктер «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына сәйкес шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қайсысы мемлекеттік қолдауға лайық екендігін өздері анықтайтын болады. Бұдан бөлек, оларға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар берілмек. Ендеше, бұдан былай әкімдерде өңірлік бизнесті дамыту үшін нақты қаржы құралы болады деген сөз», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар