16:00, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Индустрияландырудың жаңа өндірістерінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген 400-ден аса өнім игерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында жаңа өндіріс орындарында Қазақстанда бұрын өндірілмеген 400-ден аса өнім игерілді.
Атап айтқанда, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 2010-2014 жылдар аралығында 75 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға берілген. Осы ел игілігіне берілген нысандардың 80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шығып отыр. Оның ішінде 56 пайызы 100 пайыздық жүктемемен жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып, оның ішінде 628 млрд. теңгелік өнімді экспорттаған. Бұдан өзге өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өнімнің 12,4 пайызы Картаға енгізілген жобалар есебенін өндірілді (594,3 млрд. теңгеден 4,8 трлн. теңгеге дейін).
Ал 2014 жылдың 9 айы үшін Карта жобаларының ЖІӨ өсімі 4,1 пайыздан 0,79 пайыз артқан.