Индустриялық даму бағдарламасы қолға алынғалы бері Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінде 10 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды -С. Ахметов

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-индустриялық даму бағдарламасы қолға алынғалы бері Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінде 10 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Тау-кен металлургия кешені қызметкерлерінің ІІІ съезі барысында сөз сөйлеген ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, тау-кен металлургия индустриясы мұнай және газ саласы секілді ел экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Мәселен, ішкі жалпы өнімдегі аталған саланың үлесі 19 пайызды құраса, елдің жалпы экспортындағы тау-кен металлургия үлесі 20 пайызды құрайды.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғалы бері тау-кен металлургиясы кешені саласында 369 млрд. теңгенің 36 жобасы жүзеге асты. 2,5 жыл аралығында орын алғанын ескерсек, бұл шынымен де зор көрсеткіш. Сондай-ақ, Үдемелі индустриялық-индустриялық даму бағдарламасы қолға алынғалы бері Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінде 10 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды», - деді вице-премьер Серік Ахметов.

 

Соңғы жаңалықтар