Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында машина жасау саласының қосымша құнын 74 пайызға арттыру көзделеді

СТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында машина жасау саласының қосымша құнын 74 пайызға арттыру көзделеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Австрия бизнес форумы барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамет Әбдібеков мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
None
None

Вице-министрдің айтуынша, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында машина жасау саласында бірқатар маңызды индикаторларға қол жеткізу көзделеді. Атап айтқанда, саланың жалпы қосылған құнын 74 пайызға арттыру, еңбек өнімділігін жылына адам басына 52 мың долларға дейін көтеру қарастырылады.

«Осыған орай, Қазақстан шығарылатын өнім түрлерін кеңейту және машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерін игеру мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейді. Екіншіден, ірі құрастыру өндірісін ұйымдастыру қарастырылатын болады. Үшіншіден, машина жасау өнімдерін шығаруда жоғары қосымша құн салығы қамтылған жаңа, заманауи кәсіпорындар құру жоспарлануда», деді Н. Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар
Референдум