Инфляцияның жанар-жағармай бағасына әсері қандай болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында елімізде мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 10,2 млн тоннаны құраған – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға аз. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Аймақтар арасында өндірістің 86,1 пайызы қазақстандық МӨЗ жұмыс істейтін аймақтарында, тізімде осы аймақтар көш бастап тұр: бұл Атырау облысы (Атырау мұнай өңдеу зауыты): 3,6 млн. тонна – былтырғы жылмен салыстырғанда, 2 пайызға аз, Павлодар облысы (Павлодар мұнай және химия зауыты): 2,7 млн. тонна – өткен жылмен салыстырғанда, 13,8 пайыз аз, Шымкент («ПетроҚазақстан Ойл Продакт» ЖШС зауыты): 2,5 млн. тонна – минус 15,4 пайыз.

Мұнай отыны, дистилляттар мен газойль өндірісі қаңтар-тамыз аралығында 8,1 млн тоннаны құраған, өндіріс өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға қысқарды. Соның ішінде керосин шығару (34,1 пайызға, 278,5 тоннаға дейін) және мазут өндірісі (29,2 пайызға, 1,4 млн. тоннаға дейін) айтарлықтай төмендеген. Сондай-ақ дизельдік отын өндірісі де минусқа ұшырады (жылына 6,7 пайызға, 3,1 млн. тоннаға дейін). Бұл ретте бензин өндірісі жылына 3,3 пайызға көбейіп, 2,9 млн. тоннаны құраған.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкімет отырысында бүгінде елдің ішкі нарығы жеке өндірістің мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттады. Бағалар өсімі Жамбыл облысында (5,7 пайыз) және Алматы облысында (4,3 пайыз), сондай-ақ Алматыда (4,2 пайыз) тіркелген.

АИ-98 маркалы бензин жылына 2,6 пайыз қымбаттады, АИ-92 бағасы – 2,5 пайызға, АИ-95/96 – 1,2 пайызға өскен. Дизельдік отын болса, керісінше, 1,2 пайызға арзандай түсті.


Соңғы жаңалықтар