Инфляциямен күрес: Ұлттық банк бірқатар шара қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов тұрақты қаржылық саясат бағытында жұмыс жалғасатынын мәлім етті.

Инфляция
Фото: Kazinform/ Freepik

— Ұлттық банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін дезинфляциялық саясатты жүргіземіз. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады, — деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Ұлттық банк төрағасы мәлім еткендей, инфляциямен күресте келесі шаралар қарастырылған: 

  • Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғасады; 
  • Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды; 
  • Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталып жатыр; 
  • Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту; 
  • Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасады. Цифрлық теңгені масштабтау жұмысы жүргізіледі. Бұл цифрлық теңгені мемлекеттік қаржының жаңа бағыттарында енгізу мүмкіндіктерін пысықтауды қамтиды.

Айта кетейік, биыл алты айда елдегі инфляция 11,8 пайызды құрады

Соңғы жаңалықтар