Инфляциямен күресте қандай құралдар қолданылады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляциямен күрес жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

«Базалық мөлшерлемемен барынша абайлап ілгерілейміз. Иә, инфляция төмендеп келеді. Бірақ, бұл көп жағдайда өткен жылы базалық мөлшерлеменің тым жоғары болуымен байланысты. Өз-өзімізді алдаумен айналыспайтындығымыз анық. Экономикамызды дамытудың барлық экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және басқа да көрсеткіштерін қарастыратын боламыз», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.
Осы орайда Ұлттық банк төрағасы инфляциямен күрестегі бірінші құрал базалық мөлшерлеме болатындығын баса айтты.
«Екіншісі – бұл Үкіметтегі және жергілікті атқарушы органдардағы әріптестеріміз жүргізіп жатқан жұмыс. Бұл ретте тауарлардың жекелеген тобы бойынша нақты шешімдер қажет», - деді ол.
Бұған дейін ведомство басшысы еліміздегі инфляцияның ырыққа көну белгісін атаған еді.