Информатикадан халықаралық олимпиада өте беделді сайыс - Аргентиналық қатысушы Роман Кастелларин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан информатикадан халықаралық олимпиаданың қатысушылары байрақты бәсеке туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті.
None
None

Аргентиналық Роман Кастелларин білім додасына осымен үшінші рет қатысып отыр. Оның айтуынша, биылғы тапсырмалар өткен жылғымен салыстырғанда анағұрлым қиын болған. «Бірінші қатысқанымда есепті нашар шығардым. Екінші жылы 90 балл жинадым. Биылғы сайыста 150 балл аламын деп үміттенемін. Көп балалар 0 балл жинады. Біз тапсырмалардың «оңай шағылатын жаңғақ» болмайтынын білдік. Бірақ дәл осындай қиын болады деп ойламаппыз», - деді ол. Оқушы болашақ өмірін информатика пәнімен байланыстырғысы келетінін, ол үшін шетелде білім алып, сол білімін елінің көркеюіне жұмсағысы келетінін жеткізді. «Ақпараттық жүйелер саласының докторы болғым келеді. Ол үшін көп оқу керек. Мұндай сайыстар теориялық білім мен практикалық дағды береді. Мен үшін олимпиада беделді байқау. Оған қатысып жатқаныма қуаныштымын», - деді ол. Айта кетейік, Алматыда информатикадан халықаралық олимпиаданың екінші күні өтіп жатыр. Білім додасында 83 елден 630 делегат бақ сынауда.

Соңғы жаңалықтар