12:45, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Инфяляцияның жылдық көрсеткішіне жасалған болжам өзгермейді - ҚР Ұлттық банк төрағасы
МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен 10 айда инфляция 6,5 пайызды құрады. Бұл жылдық болжамнан төмен. Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция қазанда 0,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде ол 0,9 пайыз болған. Биыл қазанда инфляция жылдық көрсеткіште 8 пайызды құрады.
"Биыл қаңтар-ақпанда инфляция болжанған мөлшерден жоғары болса, наурыз-сәуір айларында төмен болды. Ал маусым-тамызда жоғары болып, қыркүйек-қазанда қайта азайды. Біз жылдық инфляция деңгейін 6-8 пайыз деп болжаған едік. Сондықтан ол өзгеріссіз қалады", - деді Г. Марченко. Григорий Александровичтің айтуынша, ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де өзгермейді.