Ингушетияда лаңкестік әрекеттер орын алды: құрбандар бар

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Ингушетияның Қарабұлақ қаласында бүгін таңертең лаңкестік әрекет жасалды. Қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратының жанында жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып жіберді.
None
None

Оқиға салдарынан 2 милционер қаза тапты, деп хабарлайды РБК агенттігі

Мәскеу уақыты бойынша сағат 08.20-да шамасында қалалық ішкі істер бөлімінің аумағына милиция автокөлігі кіріп бара жатқан кезде белгісіз біреу жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Кейіннен анықталғандай, бомбаны жанкешті жарған болып шықты. Ол жеке құрам сапқа тұрып жатқан ішкі істер бөлімінің ауласына кірмек болған, бірақ кіреберістегі автотұрақта оны милиционерлер құжатын тексеру үшін тоқтатқан. Дәл осы кезде ол бомбаны іске қосқан.

Осы оқиғадан кейін, біраздан соң милиция бөлімінің жанында тұрған «Жигули автокөлігінде тағы бір бомба жарылған. Бірінші жарылысқа себепкер болған жанкешті оқиға орнына осы көлікпен келген деген пайымдау айтылуда. Бұл жарылыстың салдарынан ешкім опат болған жоқ, тергеушілердің біреуі жеңіл жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар