Инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін әлі біраз жұмыс істеу қажет – Баян Жалмағанбетова

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде қалыптасқан қағидатқа сәйкес, инклюзия деп мүгедектігі бар азаматтарды айтады. Бірақ, бұл түсінік қате. Мұндай пікірді BIZDIÑ ORTA подкастында Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков білдірді.

Инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін әлі біраз жұмыс істеу қажет – Баян Жалмағанбетова
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– Инклюзия дегеніміз не? Инклюзия адамның қағидат жағынан шектелуі: денсаулығына, діни көзқарасына, экономикалық белсенділігіне және басқа да ағымдарға байланысты шектелуі. Ал Қазақстанда қалыптасқан қағидат бойынша инклюзия деп мүгедектігі бар азаматтарды айтады. Олай емес. Зейнеткер адам, аяғы ауыр әйел, ЛГБТ-дағылар, теріс діни ағымдағы азаматтар инклюзияға жатады. Сол себепті инклюзия дегенде байқап қарауымыз қажет. Бұл терминология адам баласы пайда болғаннан бар дүние. Оларды қоғамда тең құқылы азамат ретінде қабылдау басқа дүние. Сол себептен оларға жаңаша терминологиямен, жаңаша көзқараспен қарауымыз, - деді Мәжіліс депутаты.

Ал Адам құқықтары уәкілінің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованың айтуынша, елімізде инклюзия мәдениеті біртіндеп дамып келе жатыр. Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан, азаматтық қоғам тарапынан көптеген бастама да қолға алды. 

– Мәселен, білім беру жүйесінде инклюзивті мектептер, сыныптар ашылып, әлеуметтік қызметтер сапасы артып келеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға көзқарас сәл де болса өзгеріп, олардың қоғамның белсенді мүшесі ретін қабылдануына жағдай жасалып жатыр. Дегенмен, толыққанды инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін әлі біраз жұмыс істеу қажет. Айталық, инфрақұрылымдағы кедергілер, ақпаратқа қол жеткізуде шектеулер бар. Сонымен қатар еңбек нарығында да тең мүмкіндіктер жетіспейді. Ілгерілеу бар, жоқ емес. Бірақ, инклюзияны өмір салты ретінде қалыптастыру үшін жүйелі әрі кешенді іс-шаралар керек, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар