«Инновация 2011» байқауының қорытындысы шығарылады

КЕМЕН. 24 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Қазақстанның дамуына 20 жыл - инновациялық экономикаға жол: жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
None
None

Конференцияға республиканың, сонымен қатар таяу және алыс шығыс елдерінен келген ғалымдар қатысады. Дәстүрлі рәсімнің ашылуынан кейін, дөңгелек үстел өтеді. Бұнда тау-металлургиялық саланың инновациясы бойынша, көлік жасау, сәулет, қала салушылық, балама энергетиканың жетістіктері мен инновациялық экономиканы қалыптастырудағы ЖОО-ның рөлі талқыланатын болады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, келешек тапсырмалар анықталып, білім және ғылым, жаңа технологиялар министрлігіне жобалар ұсынылады.

Конференция аясында жас ғалымдардың таңдаулы инновациялық жобасы үшін «Инновация 2011» байқауының қорытындысы шығарылады деп күтілуде. «Алтын Грифон», «Күміс Грифон», «Қола Грифон» медальдарымен және гранттарымен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар