Инновация мен ғылым саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың әлеуетті бағыты бола алады

None
None
анның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Инновация мен ғылым саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың әлеуетті бағыты бола алады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Франция бизнес форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде технология трансфертінің жүйесі болуы тиіс. Машина құрылысы, ядролық энергетика саласында трансферт әлемдік көшбасшылардың арасына еніп отыр. Бүгінде қазақстандық-француздық технологиялар трансферті орталығын құру бұл бағытта өзара қызығушылықты көрсетіп отыр», деді Елбасы.

Инновация мен ғылым саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлеуетті бағыты бола алатынына тоқталған Мемлекет басшысы «біз Франция Президентімен  бүгін қол жеткізілген келісімдердің орындалуы барысын қадағалайтын бірлескен комиссияны құруды келістік. Комиссия жыл сайын Қазақстан мен Францияда тиісті отырыстарды өткізетін болады», деді.

Соңғы жаңалықтар