«Инновациялар - жастар бренді» - Павлодар облысының әкімі
«Ағымдағы жылы облысымыздың қалаларында 24 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылады. Әсіресе, экспортқа бағытталған өндірістерге айрықша маңыз беріледі. «Қазэнергокабель» акционерлік қоғамының жаңа учаскесінде жергілікті алюминийден жылына 15 мың тонна созбасым (катанка) шығарылатын болады. Өнімнің бір бөлігі кабель жасау үшін пайдаланылмақ, жаңа өнімге Ресейдегілер ықылас танытып отыр. Ал «Кастинг» ЖШС-нің металлургиялық кәсіпорнындағы вакуумдық қондырғының құрылысы вакуумдалған құрыш өндіруге және оны американдық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев өз сөзінде.
Инновация әсіресе жастардың жанына жақын болуы керек, деп түйіндеді әкім өз сөзін.
Студенттер өз кезектерінде облыс басшысын өз ғылыми идеяларымен және жобаларымен таныстырып, университетте нанотехнологиялар орталығын құру мәселесі турал әңгімелеп берді.