08:05, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Инновациялық Еуразиялық университет павлодарлық мектеп түлектері үшін Ашық есік күндерін өткізді
ПАВЛОДАР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Инновациялық Еуразиялық университет Павлодар облысы мектептерінің түлектері үшін Ашық есік күндерін өткізді,
деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
«Төрт күнге созылған осынау шара аясында қала мен облыстың барлық мектептерінің он бірінші сынып оқушылары университетпен және онда алуға болатын мамандықтармен танысты. Түлектер сондай-ақ университет мұражайында, аудиториялар мен оқу-ғылыми зертханаларында, оқу, компьютер және спорт залдарында болды. Студенттермен, проректорлар мен кафедра меңгерушілерімен, профессорлар және оқытушылармен кездесті», -деп атап көрсетті кәсіптік бағдарлау орталығының директоры Дина Айкүмісова.
Қонақтар үшін Білім, мәдениет академиясының студенттері мен Инновациялық Еуразиялық университеттің КТК командасы музыкалық бағдарлама әзірледі.