12:17, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Инновациялық комитет елдің индустриялды дамуын қамтамасыз етеді - «Нұр Отан» ХДП
денің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылған Инновациялық комитет еліміздің индустриялды дамуын қамтамасыз етпек.

Бұл туралы бүгін «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының съезі барысында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке орай, бүгінгі таңда елімізде қайта өңдеу саласы және өндірістік ғылым баяу дамып келеді. Осыған орай, Президенттің тікелей тапсырмасымен «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Инновациялық комитет құрылған болатын. Аталған құрылым Қазақстанның индустриялды инновациялық дамуын қамтамасыз етіп, елдің барлық интеллектуальдық ресурстарын осы мақсатқа бағыттайтын болады», дейді Д. Кәлетаев.
Оның айтуынша, мемлекет пен бизнес арасындағы сұхбат партияның негізгі мақсат-міндеттерінің бірі болып қала бермек.