Интеграциялық байланыстар экономикалық тиімділіктер әкелетін болады

ЫЗЫЛОРДА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Бүгінгі таңда әлем мемлекеттері интеграциялық бай­ланыстарға ерекше мән беріп, түрлі одақтарға бірігуде. Осы орайда Қазақстан, Ресей және Беларус мем­лекеттерінің Кедендік одаққа біріккені белгілі.Агенттік тілшісінің бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инс­пекциясының
None
None

Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімі бастығының орынбасары Ерқасым Сүлейменовпен жүргізген сұхбаттың тақырыбы осы Кедендік одаққа қатысты болды.

- Ерқасым Жәйбергенұлы, жал­пы әлемде экономикалық интеграциялық байланыстардың қандай түрлері жұмыс жасайды?

- Әлемдік тәжірибеде мем­лекеттер арасында экономикалық интеграцияның бірқатар түрлері қолданылады. Атап айтсақ, олар - еркін сауда аумағы, Кедендік одақ, бірыңғай экономикалық кеңістік және экономикалық одақ түрлеріне бөлінеді. Еркін сауда аумағы дегеніміз, ол екі неме­се одан да көп кеден аума­ғында өндірілген барлық тауарларға баж салығы және басқа да сауданы реттеуге бағыт­талған шаралардың алынып тас­тауы. Ал еркін сауда аумағына кір­меген әрбір мемлекет өзінің жеке сауда саясатын жүргізеді. Еркін сауда аумағының мысалы ретінде Тәуелсіз мем­лекеттер дос­тастығын айтуға болады. Ал Қазақстан оның мү­шесі болып табылады.

Кедендік одақ дегеніміз - екі немесе одан да көп аумақтарда бір кедендік аумақ жасау. Нақ­тырақ айтқанда, осы аумақтарда шығатын тауарларға баждар және басқа да сауданы шектейтін шаралар алынып тасталады. Әр­бір Кедендік одақтың мүшесі Кедендік одаққа кірмеген мемле­кеттерге бірыңғай кедендік баж­дарды және басқа да сауданы реттейтін шараларды қолданады. Бір сөзбен айтқанда, Кедендік одақ үшінші мемлекеттерге еркін сауда аумағы және бірыңғай кедендік тарифтердің қосындысы ретінде қолданылады. Кедендік одақтың мысалы ретінде Еуро­палық одақ ассоциациясының Түркия мемлекетімен, Шығыс­африкалық қоғам­дастықпен эко­номикалық қатынасын айтуға болады.

Егер Кедендік одақ мем­ле­кеттер арасында сауда жасау кедергілерін, сонымен қатар ка­питал мен жұмыс күші қозға­лысының кедергілерін алып тас­таумен толықтырылса, онда бірың­ғай эконо­микалық кеңістік қа­лып­тасады. Әлемдік тәжірибеде жалпы рыноктың мысалы ретінде жалпы араб рыногын, Орта­лық­американдық рыногын келтірген абзал. Экономикалық одақ жо­ғарыда аталған интеграциялық шараларға қосымша қатысушы мемлекеттер арасында бірыңғай экономикалық саясатты, бір­ыңғай ақша бірлігін, әлеуметтік-экономикалық шүдерістерді рет­тейтін мемле­кетаралық жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Қазіргі таңда, тек Еуро­палық одақ интеграция­ның осындай деңгейіне жетті.

Бүгінде әлемдік сауда ұйы­мының мәліметі бойынша Ке­ден­дік одақ негізінде келісімге келген 12 мем­ле­кетаралық бірлестіктер жұмыс жасайды.

- Кедендік одақтың қалып­тасуына байланысты Қазақстан үшін негізгі тиімділіктер қандай?

- Кедендік одаққа біріккен мемлекеттер арасында тығыз ин­те­грация орнап, олар әлемдік экономикалық дағдарыстан шы­ғу жолын іздестіру мүмкіндігіне ие болады. Мемлекеттердің эконо­ми­калық мүмкіндігін ескере оты­рып, біріккен өндірістер құруға, өзара инвестициялар тартуға қолайлы жағдай туады. Қазақ­стандағы ішкі рынок 15,9 млн. адамнан Кедендік одақтағы 167,2 млн. адамға дейін кеңейеді. Он­дағы жалпы ішкі өнім көлемі де ұлғаяды. Ішкі рынокты кеңейту арқылы бірыңғай Кедендік одақ аумағында жаңа өндірістерді да­мытуға ынталандырылады. Оның ішінде жоғары интеграцияланған корпорациялар мен бірін-бірі толықтыратын кәсіпорындар құ­ру­ға жол ашылады. Қолданыстағы стандарттар мен өнімдерге қойы­латын талаптарды бір жүйеге келтірудің арқасында қазақ­стандық тауарлардың Кедендік одақ рыногының аумағына оңай­латылған түрде шығуына мүм­кіндік туады. Осыған сәйкес отандық тауарлардың өнімін өт­кізу көлемі және инвестициялық тартымдылығы артады.

- Импорттық кеден бажы мөлшерінің өзгеруі азық-түлік тауарлары бағаларына әсер ете ме?

- Бұл салада қазақстандық өнім өндірушілеріне Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД шамамен 62 пайыз) мемле­кет­терінен, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Беларустен әкелінетін тауарлар бәсекелестікті құрайды. Алайда, оларға еркін сауда аумағы келісімшартына сәйкес кеден бажы салынбайды. Мәселен, Қазақстанға импорт көлемі бойынша келетін барлық кондитер өнімдерінің 90 пайызға жуығы баж салығынсыз Украина (71,7%) және Ресейден (16,5%) әкелінеді. Сүт өнімдерінің 92 пайыздан астамы Тәуелсіз мем­ле­кеттер достастығы мемлекет­терінен әкелінеді, оның ішінде Ресей үлесі - 45 пайызы, Қырғызстан үлесі - 25 пайыз. Жеміс шырындары рыногында да осындай жағдай қалыптасқан, атап айтқанда (75,9 пайызы ТМД мемлекеттерінен әкелінеді, оның ішінде 25% - Ресейден, 22,4% - Тәжікстаннан), алкогольсыз сусындар (Ресейден - 99,6 пайызы), сыра ішімдігі (98,1 пайызы - ТМД мемлекеттерінен, 98 пайызы - Ресейден) және басқалардан жеткізіледі.

Сол себептен баж мөлшерінің көтерілуі азық-түлік тауарлары бағаларына әсер етпейді, себебі, олар негізінен Қазақстан аума­ғында өндіріледі немесе ТМД мемлекеттерінен әкелінеді, ал оларға импорттық баж салын­байды.

- Кедендік одаққа кіру Қазақ­станның өнім өндірушілеріне және перспективалық секторлардың даму жоспарына әсер ете ме?

- Жоғары деңгейдегі баж мөл­шеріне бірден қосылу Қазақстан кәсіпорындарының шаруашы­лық қызметтеріне кері әсерін тигі­зеті­нін ескере отырып, кейбір тауар­лар бойынша Қазақстанның бір­ыңғай кедендік тариф деңгейіне кезең-кезеңмен біртіндеп қосы­латын құқығы сақталды. Атап айтсақ, дәрілік препараттар үшін - 5 жыл, меди­циналық құрал-жаб­дықтар үшін 4 жыл, аллюми­нийден жасалған өнімдер үшін - 1,5 жыл, теміржол вагондары үшін - 3 жыл, полимерлер, химия өндірісі шикізаттар, целлюлоза өнімдері үшін - 4 жыл мерзім белгіленген. Мұндай нормалар рынокта өнім­дер тап­шы­лығының болуына жол бермейді және тиісінше рес­публикада құрылысы салынып жатқан за­уыт­тардың толық іске қосылуына дейін бағалардың өсуін бол­дырмайды. Бұдан басқа бірқатар тауар­лар бойынша «мақ­сат­тық им­порт» енгізіліп, оны Қазақстан Респуб­ликасының «Инвести­циялар туралы» заңы аясында жүргізу қаралуда. Сондықтан, қазіргі таңда тиісті өзгерістер әзірленуде, осыған сәйкес бірден-бір инвестициялық жеңілдіктің бірі - кедендік баждан босату болып табылады. Аталған тәр­тіпке техно­логиялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшек­тері шикізат, ұшақтар, станоктар және тағы басқалары енеді. Осылайша, мұндай норма қазақстандық кәсіп­орындарға жаңалау және қайта жарақ­тан­дыру үшін жаңа технологиялық жабдықтарды, олардың қосал­қы бөлшектерін, сонымен қатар өнім шығару үшін қажетті шикізатты бажсыз әкелуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, егерде шикі­зат Кеден одағына кіретін елдерде шығарылмаса немесе шыға­рыл­ған шикізат іске асырайын деп жатқан инвестициялық жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес келмеген жағдайда ғана сырттан шикізат әкелуге жеңілдік берілуде.

Соңғы жаңалықтар