14:00, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Интелсат-15» американдық байланыс спутнигі орбитаға шығарылды
БАЙҚОҢЫР. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағында Астана уақытымен сағат 3-те «Зенит-2SБ» зымырантасығышы «Интелсат-15» американдық байланыс спутнигін орбитаға алып шықты,
деп хабарлайды Роскосмос агенттігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша «Интелсат-15» американдық байланыс спутнигі ғарыштық аппаратының «ДМ-SLБ» блогынан штаттық бөлінуі Мәскеу уақытымен 6 сағат 28 минутте орын алды, ғарыштық аппарат автономды ұшуды бастады.