Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 500-ден аса адам әртүрлі инвестицияларға тарту арқылы жасалған алаяқтық құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік іс-шараларын ұстану қажет. Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы да. Егер сатушы басқа қалада болса, онда таныстарыңыздан немесе туыстарыңыздан тауарды алуды және жіберуді өтініңіз», - деді орталық бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқанын айтады.

«Жыл басынан бері 500-ден аса адам мұндай схемалардың құрбаны болды. Олар ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар, кейбір жағдайда осы мақсат үшін несиелер рәсімдеді. Жеңіл ақшаны іздеп жинақтарын жоғалтты. Алаяқтар ірі компаниялардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір реттік дивидендтер төлейді», - деді Жандос Сүйінбай.


Соңғы жаңалықтар
telegram