Интернет-алаяқтық қылмыстарының 37%-ы ашылмаған күйі қалып отыр – ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Онлайн-брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай интернет-алаяқтық қылмыстарын ашуда қандай қиындықтар бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернет-алаяқтық қылмыстарының 37%-ы ашылмаған күйі қалып отыр – ІІМ

«Биыл бізде 9 мыңнан аса интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде мамандар 2 мыңнан астам қылмысты ашты. Шамамен 37%-ы ашылмаған күйі қалып отыр. Дегенмен бұл жерде мынадай мәселе бар: Егер қылмыс жасаған адам шет мемлекеттердің аумағында болса, онда істі тергеу қиындайды. Өйткені, ол елдің құзырлы органдарымен ақпарат алмасу сияқты процестер ұзаққа созылады. Алайда, біздің қызметкерлер қылмыстың дәл қай жерде отырып жасағанын нақты анықтай алады», - деді Жандос Сүйінбай БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Бұрын хабарлағанымызлай, алғашқы жартыжылдықта Қазақстанда 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген.

Мұнымен қатар, Павлодар тұрғындарын 40 млн теңге қарызға батырған алаяқ ұсталды.