Интернет бизнес пен мобильді коммерцияның қазақстандық қауымдастығы құрылды

ChocoFamily холдингінің директоры Рамиль Мухоряповтың айтуынша, интернет бизнестің қатысушылары біріккенде ғана нарық өркениетті түрде құрылып, ортақ мақсатқа қол жетеді. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, ол әр елде әр түрлі жолмен дамыды. Мәселен, Украинада интернет нарығы үйлестірілмеген, онда әр ойыншы өз тәртібімен өмір сүріп жатыр. Сондықтан еліміздегі интернет бизнес нарығы жылдам даму үшін қазақстандық қауымдастық тәуелсіз еркін негізде құрылып отыр.
Processing.kz-тің тең қожайындарының бірі саналатын Константин Горожанкиннің сөзіне қарағанда, бастамашылар маусым айында бас қосып, қыркүйек айында 15 мүшенің қатысуымен құрылтай жиынын өткізген көрінеді. Олардың арасында Kolesa.kz, Krisha.kz, Lamoda.kz, Flip.kz, Besmart.kz, Arbuz.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz, Blizzard.kz сияқты елдегі негізгі ірі интернет-жобалар бар.