Интернетте 3017 жылы өзекті болатын идеялар жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет желісінде 3017 жылы сәнді әрі өзекті болатын заттар мен киімдердің жаңа идеялары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. ру-ға сілтеме жасап.

The Daily Dot-тың жазуынша, интернетті пайдаланушылар айналадағы адамдар әлдебір себептермен қолданып жүрген барлық ақылға қонымсыз, пайдасыз және арзан нәрселерді қолданудың шешімдерін «3017 жылда өмір сүру» атауымен суреттеген. Алғаш рет мұндай шешімді Twitter-дің @MyFavsTrash қолданушысы ұсынды: ол қағаз қорапты таңертеңгі құрғақ асқа тәрелке ретінде пайдаланып, оның ішіне тіпте, сүт те құяды.

«Сіздер барлықтарыңыз 2017 жылда өмір сүрсеңіздер, мен 3017 жылдамын. Жиналыңыздар», - деп жазды ол.

Интернет-пайдаланушылардың пікірінше, 3017 жылы сәнқойлар қуаттау құрылғыларының кабелін аяқ киімнің бауын байлау үшін қолданатын болады. Ал болашақтың тағы бір «ақылды» өкілдері классикалық костюмге спорттық киімдердің белгілерін пайдалану әдістерін ойлап табатыны анық.

 

Балконды бассейнге айналдыру - бұл да алдағы мыңжылдық адамдарының қиялындағы идеялардың бірі.

3017 жылда өмір сүретін адамдар жайлы әзілге Twitter-дің орыс тілді қолданушылары да үн қосты. Басылымның пікірінше, идеялардың көптігіне қарағанда адамзатты әсте жарқын болашақ күтіп тұр.

 

Соңғы жаңалықтар