14:48, 13 Шілде 2017 | GMT +5
Интернетті дүр сілкіндерген ақтөбелік оқушы Димаштан озып кетуді армандайды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Витастың «Опера 2» әнін орындап, көпті таңқалдырған 12 жастағы Мұхамбетәли Қалауов болашақты атақты әнші болуды армандайды. Ол қазір Димаш Құдайбергеннің әндерін орындап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде тұратын Мұхамбетәли Қалауов Витастың «Опера 2» әнін орындап, қазақстандықтардың ықыласына бөленді. Әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен бөліскен қазақстандықтар 7 класс оқушысына ақ жол тілеген.