Инвестициялық жобаларды бағалау және талдау сапасын жақсарту мақсатында консалтингтік агенттіктердің тәуелсіз сараптамасын тәжірибеге енгізу қажет ? Б.Палымбетов

АҚТАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Маңғыстау және Атырау облыстарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 148 млн. теңге болатын 1279,2 тонна азық-түлік өнімдерін алдыруда.
None
None
Базарлардағы азық-түлік өнімдерінің бағаларын ұстап тұру мақсатында азық-түлік қорын жинаумен Атырауда «Атырау Агросервис» ЖШС, Маңғыстауда «Каспий А-Трейд» ЖШС айналысуда. Бұл туралы «Каспий» ҰК» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов жылды қорытындылаған жиында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2008 жылы біздің компания белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді. Директорлар Кеңесінде 10 инвестициялық жоба бекітіліп, жүзеге асуда. 5 басқарушы компанияға құрылтайшылық жасалып, қаржыландыру басталды. Алғашқы басқарушы компания «Caspian Inspection Company» ЖШС-де бүгінде 29 жұмыс орыны ашылған. Ал «Теңіз табанын қазу флотын техникалық қолдау базасы» жобасына «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы «Теңіз-Сервис» ЖШС тартылды. Бұл өзгерістер жаңа жобаның бұдан әрі ойдағыдай жүзеге асуына оң ықпал етеді деп ойлаймын. ҚР экономикасын жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссия макроаймақтың екі экспортты ерекшеліктерін мақұлдады. Олар химия саласы және балық шаруашылығы. Осыған сәйкес, «Тауарлық бекіре фермасы» жобасына жасалып шыққан Стратегия талаптары ескеріле отырып, түзетулер енгізілетін болады», деді Басқарма төрағасы.Сондай-ақ, өз сөзінде Болат Әбілқасымұлы, инвестициялық жобаларды бағалау және талдау сапасын жақсарту мақсатында тиісті консалтингтік агенттіктердің тәуелсіз сараптама жүргізу тәжірибесін енгізу қажеттігін айтты. Одан бөлек, үстіміздегі жылы кен пайдалану құқын алуға берілген 52 тапсырыстың 41-і бойынша құқық беріліп, соның ішінде 19 кен орыны бойынша 9 біріккен инвестициялық жобалар жүзеге аса бастаған. Олардың ішінде кірпіш тасы шикізатын өндіру, топырақ өндіру және жақпар тастар өндіру кен орындары бар.
Соңғы жаңалықтар