Инвесторлар тізіліміне жалпы құны 7 трлн теңге болатын 250 жоба енгізілді - Бас прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM – Прокуратура органдары жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттың шынайы көрсетілмеуіне байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықтады.

Үйде оқитын балалар жәрдемақысыз қалды: Прокуратура тексеріс жүргізді
Фото: Қарағанды облысы прокуратурасы

Бірқатар өңірде (жалпыұлттық пулға 150 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалар енгізіледі, қалғандары өңірлік пулдарға кіреді) жалпыұлттық және өңірлік пулдарда өзектілігін жоғалтқан инвестициялық жобалар тіркелген.

- Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалардың пулдары мүлде болмаған. Бас прокуратураның ұсынысы бойынша бұл кемшіліктер жойылды.

Инвесторлар тізіліміне 7 трлн теңгеге 250 инвестициялық жоба енгізілді, өңірлік пулға қосымша 290 жоба енгізілді, - делінген бақылаушы органның ақпаратында.

Сонымен қатар 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізілімнен алынып тасталды.

Жол берілген заңбұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, Абай облысында 200 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік келісімшарт жасалған.

Соңғы жаңалықтар