Инвесторларға ұсынылатын жобалардың деңгейі де, сапасы да төмен - Ә. Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвесторларға ұсынылатын жобалардың деңгейі де, сапасы да төмен. Бүгін Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы аясындағы инвестициялар тарту проблемаларына тоқталып, осылай мәлім етті.
None
None

«Біріншіден, инвесторларды тартуды белсендіре түсу үшін қазақстандық тараптың ұсынған жобаларының деңгейі де, сапасы да төмен. Инвестициялық форумдар аясында Қазақстанға 500-ден астам компаниялардың өкілдері келді. Яғни, инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары, олар шынымен де Қазақстанды көршілес елдерге шығатын қақпа ретінде көре алады. Елімізде саяси, экономикалық тұрақтылық та бар. Осыған орай, инвесторлар үлкен қызығушылықпен келеді, алайда, олар өңірлердегі бизнес тарапынан ұсыныстардың мүлдем аз екенін айтады. Инвестициялық ұсыныстар ұлттық команиялар тарапынан да, жеке компаниялар тарапынан да мүлдем мардымсыз», - деді Ә. Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, инвесторлар үшін жер инфрақұрылымына қолжеткізу де үлкен проблемаға айналып отыр. Мәселен, қытайлық шыны-бөтелкелер шығару туралы ұсынылған жобаға Алматы облысының әкімі 1,5 жыл бойы инфрақұрылымы бар жер учаскесін тауып бере алмаған. Дәл осындай жағдай елімізге инвестиция жасағысы келген фармацевтикалық салада да орын алған.

«Бұндай мәселе барлық өңірлерде орын алып жатыр. Сондықтан да, облыс әкімдерінен бұл мәселелерді шешуді шапшаңдатуды сұраймыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар