Инженер мен дәрігер - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инженерлер мен дәрігерлер - Қазақстанның еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар.
None
None

Бұл туралы бүгін жұмыс берушілер мен түлектердің арасында жүргізілген сауалнаманың қортындыларына арналған брифингте "Кәсіпқор" холдингінің жастар ісі жөніндегі департаментінің директоры Тоғжан Жұмағұлова мәлім етті.

«Маусым-шілде айларында «Ел қанаты» қоғамдық қоры жұмыс берушілердің сұранысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған Қазақстанның 16 өңірінен 200-ден аса жұмыс беруші тартылды. Сауалнама көрсеткеніндей, инженерлер (13,8%) мен дәрігерлер (12,8%) - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар. Одан кейін педагогтар (10,1%), бағдарламашылар (7,4%) және құрылысшылар (6,4), маркетологтар (6,2%) келе жатыр», - деді «Ел қанаты» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Жақып.

Сонымен қатар сәуір-маусым айында түлектер арасында мамандықтарды таңдауға қатысты сауалнама өткізілген. 2000 оқушы қатысқан сауалнамада анықталғанындай, олардың арасында техникалық ғылымдар мен инженерлік (20,5%), медицина (19,8%), экономика (13%), заңгерлік (6,1%), мемлекеттік және жергілікті басқару (6,1%) мамандықтарына түсуге ниеттенгендердің қарасы көп.

Соңғы жаңалықтар