Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына келді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.      

Иорданияда Тоқаевты қарсы алу
Фото: Ақорда

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.  

Президент
Photo credit: Ақорда

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

 Иордания Тоқаевт қарсы алу
Фото: Ақорда
Иорданияда Тоқаевты қарсы алу
Фото: Ақорда

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Иорданияда Тоқаевты қарсы алу
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар